Колледж туралы

Қызылқоға аграрлы – техникалық колледжі аудандағы жұмысшы мамандарды даярлауда өзіндік үлесін қосып келе жатқан жалғыз оқу орны. Колледж алғаш рет 1959 жылы Приморье ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі  негізінде құрылып, осы жылдар ішінде бірнеше өзгеріске ұшырап, 2013 жылы «Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі» комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып қайта жаңғыртылды.

       Атырау облысы Білім беру басқармасының «Қызылқоға аграрлы- техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Атырау облысының білім саласындағы бақылау департаменті берген бас лицензия негізінде білім беру қызметін жүзеге асыруда №14009529 , 15.11.2020 жылы

Мекен- жайы: Қазақстан Республикасы , Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз с.о, Т. Декеев, №2 үй, индекс 060507

Колледжде 6 мамандық  бойынша кәсіби мамандар даярлайды

р/сМамандығы және бейініБіліктілігі
110130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»3W10130302 «Аспаз»
210130200 «Тамақтандыру саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру»3W10130201 «Даяшы»
3W10130202 «Бармен»
3W10130203 «Кейтеринг менеджері»
307130100 «Электр стансалары мен желілерінің электр жабдықтары»3W07130101 «Электромонтер»
407150500 «Дәнекерлеу ісі»3W07150501 «Электргазбен дәнекерлеуші»
507230100 «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу»3W07230101 «Тігінші»
607320700 «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану»3W07320702 «Жол-құрылыс машиналарының машинисі»
707161600 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»3W07161603 «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі»

3W07161602 «Машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу шебері»

3W07161601 «Жөндеуші-слесарь»

Білім беру күндізгі оқу бөлімінде қазақ тілінде жүзеге асырылады.

    Колледжде 30 инженер-педагог жұмыс жасайды. Олардың 25-сі жоғары білімді, 5-уі арнаулы орта, 1-еуі жоғары санатты, 1-еуі педагог-зерттеуші,1-педагог-сарапшы, 5-еуі – педагог — модератор. Колледждің барлық оқытушылары Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында алған базалық білімдері бар, еңбек келісімшарттары негізінде қызмет істейді.

Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі техникалық   және кәсіптік білім беру лицензия қосымшаларына сәйкес мамандар даярлайды.

Колледждің оқу кешені оқу корпусынан ,оқу-өндірістік шеберханалардан,оқу кабинеттерінен ,автодромнан тұрады.

Көрсеткіштер атауыАудитория саныОрындар саны
Дәріс залдары, оның ішінде:24380
Практикалық сабақтар мен семинарларға арналған кабинеттер1325
Оқу цехтары125
Оқу шеберханасы525
Компьютерлік сыныптар310
Оқу залдары (кітапхана)120
Оқу алаң, полигондары1
Мультимедиялық кабинеттер, кешендер525
Шеберхана5 

  Оқу орнының жалпы аумағы 4,788 шаршы метр, жобалық қуаты 380 орындық.

Спорт залы 275 шаршы метр, акт залы 173,7 шаршы метр – 200 орындық, кітапхана 114 шаршы метр, асхана 368,1 шаршы метр – 150 орындық.

Қызылқоға, Махамбет, Құрманғазы аудандарындағы аграрлы-техникалық колледждері және Ресейдің Астрахань облысының «Астрахань агротехникалық техникумы» мен Астрахань «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық колледжі» арасында өзара тәжірибелер  алмасу туралы меморандум және жеке кәсіпкерлермен, мекемелермен әлеуметтік серіктестік құрылған.

    Колледж  Қызылқоға  ауданында  орналасқан  және аудан  жастарына кәсіптік білім беретін бірден-бір білім ордасы. Қазіргі таңда жұмысшы мамандарды дайындауда.

Бисалиева Жазира Енсеповна

Директор

Мемлекеттік рәміздер

© 2025 Жасалған ITwork