Колледж туралы мәлімет

Қызылқоға аграрлы – техникалық колледжі аудандағы жұмысшы мамандарды даярлауда өзіндік үлесін қосып келе жатқан оқу орны. Колледж алғаш рет 1959 жылы Приморье ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі  негізінде құрылып, осы жылдар ішінде бірнеше өзгеріске ұшырап,2013 жылы «Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі»  комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны болып қайта жаңғыртылды.

Атырау облысы Білім беру басқармасының «Қызылқоға аграрлы- техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Атырау облысының білім саласындағы бақылау департаменті берген бас лицензия негізінде білім беру қызметін жүзеге асыруда №14009529 , 15.11.2020 жылы

Мекен- жайы: Қазақстан Республикасы , Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз с.о, Т. Декеев, №2 үй, индекс 060507

 Колледжде 7 мамандық  бойынша кәсіби мамандар даярлайды

р/с

Мамандығы және бейіні

Біліктілігі

Оқу мерзімі

 

 

1

 

10130200 «Тамақтандыру саласында қызмет көрсетуді  ұйымдастыру»

3W10130302

 «Аспаз»

2 жыл 10 ай

3W10130301

«Даяшы»

2 жыл 10 ай

3W10130202

 «Бармен»

2 жыл 10 ай

 

2

07130100 «Электр стансалары мен желілерінің электр жабдықтары»

3W07130101

 «Электромонтер»

2 жыл 10 ай

 

3

 

07150500 «Дәнекерлеу ісі»

3W07150501

 «Электргазбен дәнекерлеуші»

2 жыл 10 ай

   4

07230100 «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу»

3W07230101

 «Тігінші»

2 жыл 10 ай

 

 

5

 

    07320700 «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану»

 

        3W07220702

 «Жол-құрылыс машиналарының машинисі»

 

 

2 жыл 10 ай

 

 

 

 

6

 

 

 

071616 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»

3W07161603 «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі

2 жыл 10 ай

3W07161602

«Машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу шебері»

3W07161601 «Жөндеуші-слесарь»

2 жыл 10 ай

7

10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

:   3W10130302 «Аспаз»

 

2 жыл 10 ай

Білім беру күндізгі оқу бөлімінде қазақ тілінде жүзеге асырылады.

Колледжде 30 инженер-педагог жұмыс жасайды. Олардың 25-сі жоғары білімді, 5 арнаулы орта, 1 жоғары санатты, 1 педагог-зерттеуші,1-педагог-сарапшы, 5-педагог -модератор. Колледждің барлық оқытушылары Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында алған базалық білімдері бар, еңбек келісімшарттары негізінде қызмет істейді.

Күндізгі оқу бөлімі бойынша білім алушылар контингенті 2025-2026 оқу жылында 135 студентті құрайды. Оның 71-і  ұл, 64 –і қыз балалар.

Колледждің оқу кешені оқу корпусынан ,оқу-өндірістік шеберханалардан,оқу кабинеттерінен,автодромнан тұрады.

Көрсеткіштер атауы

Аудитория саны

Орындар саны

Дәріс залдары,оның ішінде:

24

380

Практикалық сабақтар мен семинарларға арналған кабинеттер

13

25

Оқу цехтары

1

25

Оқу шеберханасы

5

25

Компьютерлік сыныптар

3

10

Оқу залдары(кітапхана)

1

20

Оқу алаң,полигондары

1

Мультимедиялық кабинеттер,кешендер

5

25

Шеберхана

5

 

  Оқу орнының жалпы аумағы 4,788 шаршы метр, жобалық қуаты 380 орындық.

Спорт залы 275 шаршы метр, акт залы 173,7 шаршы метр – 200 орындық,кітапхана 114 шаршы метр, асхана 368,1 шаршы метр – 150 орындық.

Махамбет, Құрманғазы аудандарындағы аграрлы-техникалық колледждері және Ресейдің Астрахань облысының «Астрахань агротехникалық техникумы» мен Астрахань «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық колледжі» арасында өзара тәжірибелер  алмасу туралы меморандум және жеке кәсіпкерлермен, мекемелермен әлеуметтік серіктестік құрылған.Жұмысшы мамандықтары жылына орай  «Мектептерде 1000 бейіндік сынып құру» жоспарына сәйкес оқу орындарымен  келісім шарттардың жасалуы және кәсіптік бағдар беру мақсатында колледж басшысы  Сағыз орта мектебі және Ы.Шөреков атындағы мектеп гимназиязы білім беру ордаларымен екі жақты меморандумға қол қойды.

  Колледж  қазіргі таңда жұмысшы мамандарды дайындауда. 2020 жылы №2 оқу және тұрмыстық-кешендік ғимараттары күрделі жөндеуден өтті.Білім беру мекемесінің шеберханасы жаңарту, жаңғырту жұмыстарынан өтуде. Ағымдағы жөндеу және керекті құралдармен қамтылуына 247215000 теңге қаражат қамтылған.Оқу корпустары 40280000  теңгенің  2 АИТИ кабинеті мен жеке кабинеттер моноблоктармен, компьпютерлермен жабдықталды. Мекеменің  жатақханасы, №3 өндірістік-оқу ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық — сметалық құжат жасалынып, 2026 жылға күрделі жөндеуге өтінім берілді.

Касымов Шалкар Ныгметтуллиевич

Директор

Мемлекеттік рәміздер

© 2025 Жасалған ITwork